«Сен кішкентай баланың тірлігін жасадың»: Димаш желіде қазақ тіліне қатысты жазба жапиялады

Бүгін, 21:03
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
views60
«Сен кішкентай баланың тірлігін жасадың»: Димаш желіде қазақ тіліне қатысты жазба жапиялады
https://www.instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әнші Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында қоғамдағы тіл мәселесіне қатысты пікір білдіріп, қазақ тілін менсінбеушілікке қарсы ойын ашық айтты. 

Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі сторисінде:

"Біз, қазақтар, әлемнің барлық тілін құрметтейміз. Бірақ құрмет – ең алдымен өзіңнен басталады. Өз тілінен өзге біреудің мақұлдауын алу үшін ұялатын адам сөзін емес, тамырын жоғалтады", – деп жазды.

Сондай-ақ Димаш жазбасында белгілі сарапшы Олжас Байділдиновке қатысты пікір білдірді:

"Сен қорқақ кішкентай баланың тірлігін жасадың", – деп сын айтты әнші.