Отбасы банк тұрғындардың дербес деректерін жаңарту тәртібін түсіндірді

Бүгін, 17:45
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views41
Отбасы банк тұрғындардың дербес деректерін жаңарту тәртібін түсіндірді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Отбасы банк бірыңғай республикалық кезекте тұрған азаматтарға арналған дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беруді рәсімдеудің нұсқаулығын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл қадам банкке сіздің деректеріңізді дұрыс есепке алуға мүмкіндік береді.

Ол үшін мына іс-әрекеттерді орындау керек:

• Браузерді (Google Chrome, Safari) ашып, orken.otbasybank.kz сайтына кіріңіз.

• «Кіру» түймесін басып, ЭЦҚ арқылы авторизациядан өтіңіз.

• Құпиясөзді енгізіп, кіруді растаңыз.

• Жүйеге кіргеннен кейін «Деректерді жинауға және өңдеуге келісім» терезесі пайда болады.

• Мәтінмен танысып, «Иә, мен өтінішпен таныстым» деген құсбелгісін қойып, «ЭЦҚ мен қол қою» түймесін басыңыз.