Биыл елімізде 26 тонна есірткі тәркіленген

Бүгін, 15:52
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views229
Биыл елімізде 26 тонна есірткі тәркіленген
фото: Оңалхан Өнерхан

Оның ішінде 1 тоннадан астамы синтетикалық есірткі, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың айтуынша, 12 есірткі зертханасы мен 93 фито-объект жойылды.

«Есірткіні интернет арқылы сату күресті қиындатып отыр. Сондықтан ІІМ бұл бағытта IT-мамандарды тартып, арнайы бағдарламалық құралдармен жабдықталған. Әлеуметтік желілердің әкімшілерімен Meta және Telegram компанияларымен келісім жасалды. Қазір нарко-сайттар мен жарнамалар бұғатталып, күмәнді операциялар бойынша 2,1 млрд теңге сомасындағы шоттар тоқтатылды», - дейді ІІМ Ержан Сәденов.

Есірткі өндіру мен таратуды ұйымдастырғандарға қатысты жаза өмір бойына дейінгі бас бостандығынан айыруға дейін күшейтілді.

«Есірткіні дайындау мен сатудың жауапкершілігі ажыратылды. Бұған дейін колонияларда жазасын өтеген 1 200 «жасырын таратушылар» босатылып, олармен волонтёрлік бағдарлама аясында жұмыс жүргізілуде. Есірткіні медициналық емес мақсатта тұтынғандар үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Қазірдің өзінде 3 600 құқық бұзушылық фактісі анықталған. 2026 жылдан бастап прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылмақ», - деді Ержан Сәденов.