Астанада тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы вакцинацияны кімдер тегін ала алады

Астана тұрғындары тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы вакцинацияны тегін ала алады. Екпе салдыру 6 айдан бастап балаларға, жасөспірімдерге, барлық жастағы ересектерге, сондай-ақ 16-дан 37 апталық мерзім аралығында жүкті әйелдерге қолжетімді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Вакцина алу үшін учаскелік дәрігерге жазылмай-ақ, қабылдау уақытында баруға болады. Диспансерлік есепте тұрған егде жастағы адамдар мен созылмалы аурулары бар науқастардың вакцинациядан өтуі аса маңызды.
Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу үшін мамандар келесі шараларды ұстануға кеңес береді:
• маска тағу және антисептик қолдану;
• көп адам жиналатын орындарға баруды шектеу;
• бөлмелерді жиі желдетіп, дымқыл тазалық жүргізу;
• ауырып жүрген адамдармен қарым-қатынасты азайту;
• дұрыс тамақтану;
• ауру белгілері пайда болғанда дереу дәрігерге қаралу.
Қазіргі таңда екпені 80 264 адам (55,3%) салдырды. Медициналық қызметкерлер де өздерін және науқастарын қорғау мақсатында вакцинациядан өтіп жатыр.
Қосымша ақпаратты емхананың тіркеу бөлімінен ала аласыздар.