ЖИ рөлі мен цифрлық трансформация: елордада Жолдауды іске асыру жүйесі талқыланды

9 қазан, 2025
Нұрдәулет Кәкіш Нұрдәулет Кәкіш
views304
ЖИ рөлі мен цифрлық трансформация: елордада Жолдауды іске асыру жүйесі талқыланды
Фото: Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты

Елордада Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтында Мемлекет басшысының Жолдауын талқылауға арналған сараптамалық жиын өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жиынға Ұлттық құрылтай мүшесі, ҚХА Республикалық этномедиация кеңесінің төрағасы Шерзод Пулатов, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Ғалымжан Кұсманғали, ҚР МАМ «Қоғамдық келісім» РММ бас директорының орынбасары Руфина Усанова, Қазақстанның әлеуметтік кәсіпкерлер қауымдастығының президенті, «Global Кішкентай» жобасының авторы Гүлмира Пармышева; ҚЭЗИ этномедиаторы Бектұрмов Рүстем сынды сараптамалық қоғамдастық пен қоғамдық сектор өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында жасанды интеллектті басқаруға, экономика және қоғамдық салаға енгізудің практикалық қадамдарына, сондай-ақ қарқынды цифрлық өзгерістер жағдайында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы айтылды. 

Жиынға қатысушылар ЖИ саласындағы кадрлық әлеуетті дамыту басымдықтарын, деректердің орнықты инфрақұрылымын қалыптастыруды, нормативтік реттеу мен ақпараттық қауіпсіздікті жетілдіруді, сондай-ақ этносаралық қатынастарды нығайту және қоғамдық диалогты дамыту мақсатында цифрлық технологияларды енгізуді талқыға салып, өз ұсыныстарын жеткізді. 

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар елдің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуде цифрлық трансформацияның жүйелі тәсілі мен ЖИ рөлінің маңыздылығын атап өтті. Әсіресе, ЖИ-шешімдерді қолдауға, мемлекеттік қызметшілер мен мамандардың құзыреттерін дамытуға, инновациялар, азаматтардың құқықтары, этикалық нормалар мен ақпараттық қауіпсіздік арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге назар аударылды. Этносаралық тұрақтылық пен әлеуметтік орнықтылықтың негізі ретінде цифрлық ортада қоғамдық диалогты күшейтудің маңыздылығы аталып өтті. 

Жиынға қатысушылар мемлекеттік әрі қоғамдық маңызы бар процестерде ЖИ мен цифрлық шешімдерді жедел енгізуге мүмкіндік беретін қолданбалы шараларға басымдық бере отырып, Жолдауда жарияланған бастамаларды әрі қарай іске асыруда сараптамалық жұмысты өзара жалғастыруға уағдаласты.