ХІІ Азаматтық форумы: Астанада тарихи тұлғаларға қатысты тың жоба ұсынылды

Бүгін, 16:42
Нұрдәулет Кәкіш Нұрдәулет Кәкіш
views74
ХІІ Азаматтық форумы: Астанада тарихи тұлғаларға қатысты тың жоба ұсынылды
Фото: Ришат Иркабаев

ЖИ арқылы қаладағы көшелерге есімі берілген тарихи тұлғалардың өздері жайлы айтатын бейнежазбасын көруге болады. Бұл туралы Yandex Kazakhstan компаниясының GR директоры, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Мейірбек Мұқатов ХІІ Азаматтық форумында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қаладағы тарихи тұлғалардың есімімен аталатын көшелердің тақтайшаларына қойылатын QR код арқылы сол көшеге аты берілген тұлғаның өзі жайлы өз даусымен айтқан бейнежазбаларын көруге болады. Бұл бейнежазбалар жасанды интеллект арқылы жасалады. Пилоттық жоба әзірге Алматы қаласында енгізілді. Алдағы уақытта осы жобаны Астанада да іске асырсақ деп жоспарлап отырмыз. Бұл туралы жергілікті атқарушы билікпен келіссөздер жүргізілетін болады», - деді Мейірбек Мұқатов.

Айта кетсек, ХІІ Азаматтық форумына ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Бұған дейін Қазақстанда ақылды роботтар қолданысқа енгізілетінін жазған едік.