Астанада «Жас сарбаз» қозғалысының өкілдері әскери қызметпен танысты

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының өкілдері Ұлттық ұлан авиабазасымен танысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Экскурсия барысында 50-ден астам бала авиация әлеміне саяхат жасап, елді биіктен қорғайтын әскери қызметшілердің өмірімен танысып, аңызға айналған ұшақтар мен тікұшақтарды көрді. Сондай-ақ қызметтері жайлы шынайы әрі мақтанышпен баяндаған ұшқыштармен тілдесті.
«Біз балаларымызға Отанға деген сүйіспеншілік — жай сөз емес екенін көрсеткіміз келді. Ұлттық ұланның авиаторлары – ерлік пен тәртіптің, іске адалдықтың жарқын үлгісі», - деді қозғалыстың астаналық филиалының төрағасы Айдархан Маханбет.
Әсіресе оқушылардың ерекше қызығушылығын қуатты Y8 әскери-көлік ұшағы тудырды. Олар ұшқыш кабинасын көріп, құрал-жабдықтарды қолдарымен ұстап көрді.



