Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова екінші сәбиін дүниеге әкелді

Бүгін, 16:53
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views61
Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова екінші сәбиін дүниеге әкелді
Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

Әнші Жанар Айжанованың қызы, белгілі блогер Айжұлдыз Адайбекова екінші сәбиін дүниеге әкелді. Оны желіде жұбайы, блогер Сәкен Қағаров сүйіншіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сәкен Қағаров Instagram желісіндегі парақшасында перзентханада түсірілген видеоны жариялады.

«Біз сені күттік, балам», - делінген видео сипаттамасында.

Ерлі-зайыпты жұпты желі қолданушылары жарыса құттықтап жатыр.

«Құттықтаймын, сәбиге денсаулық тілеймін, анасы тезірек қалпына келсін», «Бауы берік болсын», «Сәкен енді әке, балақайға және анасына денсаулық тілеймін» деп ақ тілектерін жаудырып жатыр ерлі-зайыптының жақындары мен желідегі оқырманы.