Ақылы трассаларда жылдамдықты асырғандар автоматты түрде тіркеледі

Бүгін, 20:05
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views42
Ақылы трассаларда жылдамдықты асырғандар автоматты түрде тіркеледі
фото: Оңалхан Өнерхан

2025 жылғы 29 қазаннан бастап «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы ақылы автожолдарда жылдамдық режимін бұзу деректерін автоматты түрде Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің процессингтік орталығына (ӘІБТ ПО) жіберуді бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жаңа жүйе көлік жылдамдығын автоматты бақылау аркалары арқылы тіркеп, деректерді тікелей ӘІБТ ПО-ға жолдайды. Бұл шара жол ережесін бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамаларды қалыптастыру кезінде ашықтықты, әділдікті және тиімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Жылдамдық тіркелетін негізгі учаскелер:


«Көкшетау – Петропавл» автожолы:

354 км – «Драгомировка» бақылау аркасы
443,8 км – «Астраханка» бақылау аркасы
473,1 км – «Бескөл» бақылау аркасы

«Алматы – Қорғас» автожолы:

38,2 км – «Балтабай» бақылау аркасы
204,6 км – «Ұйғыр» бақылау аркасы
205,4 км – «Панфилов» бақылау аркасы

Жүйе көліктің нақты қозғалыс жылдамдығын тіркеп, оны белгіленген шектеумен салыстырады. Егер жылдамдық асып кетсе, ақпарат автоматты түрде ӘІБТ ПО жүйесіне жіберіліп, әкімшілік материалдар қалыптастырылады.

Компания жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, әсіресе жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады.


Бұл бастама республикалық маңызы бар трассаларда жол қауіпсіздігін арттыруға, жол апаттарын азайтуға және әділ бақылау жүйесін қалыптастыруға бағытталған.