Әр азаматқа ел дамуындағы жауапкершілігін еске салатын маңызды мереке – Мәдина Әжікенова
Астана қаласы мәслихаты депутаты Мәдина Әжікенова Республика күніне орай барлық отандастарымызды құттықтап, мерекеге орай лебіз білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«1990 жылдың 25 қазанында қабылданған Егемендік туралы Декларация - тәуелсіз мемлекетіміздің негізін қалаған тарихи шешім болды. Бұл күн - еліміздің өз тағдырын өзі айқындауға жасаған батыл қадамының символы.
Республика күні - өткенге тағзым етіп, болашаққа сеніммен қарауға үндейтін мереке. Бұл күн бізге тәуелсіздіктің оңай келмегенін, ал оны сақтау мен нығайту - әрқайсымыздың ортақ парызымыз екенін еске салады.
Қоғам белсендісі ретінде, мен үшін Республика күні - елдің даму жолындағы әр азаматтың жауапкершілігін еске салатын маңызды мереке.
Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!» - деді депутат.
