Бұл күн ұлттық жаңғырудың бастауы болды - Жеңіс Қасымбек

Бүгін, 12:21
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views63
Бұл күн ұлттық жаңғырудың бастауы болды - Жеңіс Қасымбек
Фото: Жеңіс Қасымбек/ Instagram

Астана қаласы әкімі Instagram парақшасында елорда тұрғындарын Республика күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

«Құрметті елорда тұрғындары!

Сіздерді ең маңызды мемлекеттік мерекелеріміздің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1990 жылдың 25 қазанында Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. Бұл құжат мемлекетіміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды. Осы күн ел тарихындағы бетбұрыс сәтке айналып, еркіндікке бастар мақсатты жолдың, мемлекеттілікті нығайтудың және ұлттық жаңғырудың бастауы болды.

Астана – тәуелсіздігіміздің жүрегі, жаңа жетістіктердің символы, таланттар, идеялар мен мақсат-мұраттар тоғысатын орталық. Бүгін біздің ортақ міндетіміз – қол жеткізген жетістіктерімізді сақтап, еселеу, бірлік пен келісім рухын нығайту, прогреске ұмтылуды жалғастыру. Бірлесе отырып, Астананы одан да жайлы, заманауи әрі гүлденген қалаға айналдыратынымызға сенемін.

Баршаңызға береке-бірлік, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық және еңбектеріңізге жеміс тілеймін!», - деп жазды қала әкімі.