Республика күніне орай елордалық білім ошақта танымдық кеш өтті

Бүгін, 14:18
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
views167
Республика күніне орай елордалық білім ошақта танымдық кеш өтті
Фото: ұйымдастырушылардан

Республика күніне орай Астана қаласындағы Дулат Бабатайұлы атындағы №89 мектеп-лицейінде «Дулаттың мектебі – тарихтың көзі, білімнің көкжиегі» атты танымдық іс-шара өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Дулат мектебінің қалыптасу тарихын, жеткен жетістіктерін, ұлт руханияты мен білім беру ісіндегі жұмыстарын жас ұрпаққа өнеге ету мақсатында ұйымдастырылған мазмұнды іс-шара «Ұрпаққа өнеге – Дулат мұрасы» атты көрмемен басталды. Көрмеде мектептің даму кезеңдері, жетістіктері мен шығармашылық табыстары қамтылған материалдар қойылды.

Мектеп директоры Бейімбет Мұхамедиев Дулат мектебінің өрлеу жолы туралы айтты.

Танымдық кеш тәрбиелік мәні зор шығармашылық бағдарламамен өрбіді. Алғашқы бөлімде оқушылар «Дулат – халық шежіресі» атты поэтикалық композицияны орындап, Дулат Бабатайұлының поэзиясындағы елдік пен ерлік рухын көркем жеткізді.

Сонымен қатар мектепте өткен жобалар байқауындағы үздік жұмыстар да көпшілік назарына ұсынылды. «Тағылым тұғыры – мектеп келбеті» бөлімінде білім ордасының даму тарихы, жетістіктері туралы бейнеролик көрсетілді.

Ал «Білім ордам, саған мың алғыс!» бейнеқұттықтауында түлектер өздерінің ұстаздарына алғыс айтып, алтын ұя мектептеріне деген ыстық ықыластарын білдірді.

Сондай-ақ іс-шарада «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» көрінісі мен «Абай дана, Абай дара қазақта» атты әдеби-сазды қойылымдар көрермен назарына ұсынылып, Дулат мектебі гимнінің тұсауы кесілді.

Мәртебелі меймандар атынан сөз алған ақын, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазы ұлттық құндылықты ұлықтаған ұжымға алғысын білдірді.

Айгүл Бейсембековна, Жұлдыз Тлеубековна,

«Дулат Бабатайұлы атындағы №89 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК директорының бейіндік ісі жөніндегі орынбасарлары