Respublica жастарға сөз берді: Астанада Jas Republic Cup II дебат турнирінің финалы өтіп жатыр

Астанада Республика күніне орай мектеп оқушыларының арасында ұйымдастырылған екінші республикалық Jas Republic Cup II дебат турнирінің финалдық кезеңі басталды.
Respublica партиясы мен Ozger team командасының қолдауымен #101 Келешек мектебінің алаңында өтіп жатқан бұл турнир дәстүрге айналып келеді. Алғашқы Jas Republic Cup 2024 жылы өтіп, елдің түкпір-түкпірінен жиналған белсенді жастарды біріктірсе, биылғы байқау аталмыш жобаның ұлттық деңгейге көтерілгенін көрсетіп отыр.
Биылғы турнирге еліміздің барлық өңірінен 170 мектеп оқушысы қатысып отыр. Екі күн бойы олар өзара пікір алмасып, көкейкесті мәселелер төңірегінде ой бөліседі. Талқыланатын тақырыптар қатарында — парламенттік реформалар, цифрландыру үдерістері және өңірлердің дамуы сынды маңызды бағыттар бар. Бұл – тек шешендік сайыс емес, бұл — болашақ көшбасшылардың шыңдалу алаңы.
Respublica партиясы үшін бұл турнир — жастармен жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі. Партия пікірсайысты азаматтық жауапкершілікті тәрбиелейтін мектеп ретінде қарастырады. Мұнда тек сөйлеп қана қоймай, тыңдай білуге, ойды дәлелмен жеткізуге, өз ұстанымыңды ашық қорғауға және қарсы пікірге құрметпен қарауға үйренеді.
Финалдың басты қарарларының бірі — парламент реформасына арналады. Бұл — жастардың еліміздегі демократиялық үдерістер мен саяси жүйеге деген қызығушылығының артып келе жатқанын аңғартады.
«Біз Қазақстанның жаңа буынын көріп отырмыз — білімді, батыл, әлемге ашық. Біздің мақсатымыз — жастарды жай ғана тыңдау емес, оларға өзін көрсетуге нақты мүмкіндік беру», — деді Respublica партиясының Парламенттегі фракциясы мен Орталық аппаратының өкілдері.
Турнир аясында қатысушылар ҚР Парламенті Мәжілісіне барып, заң шығару билігінің жұмысымен жақын танысты.
Respublica партиясы жастар тек сөйлейтін емес, нақты ықпал ете алатын алаңдарды қалыптастыруды жалғастыруда.
Кіл мықтылардың ішінде кімнің мықты екендігі ертең белгілі болады.