Астанада аула сыпырып жүрген жұмысшыларды полицейлер ұстап әкетті

Бүгін, 15:27
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
views55
Астанада аула сыпырып жүрген жұмысшыларды полицейлер ұстап әкетті
Polisia.kz

Астанада аула сыпырушылар мен жөндеушілер сияқты азаматтардың заңсыз жұмысқа алынғаны анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ мәліметінше, көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін және шетелдік жұмыс күшін заңсыз қабылдауды анықтау мақсатында мигранттар еңбек етуі мүмкін нысандарда рейдтер мен тексерулер жүргізіліп жатыр.

«Іс-шара барысында бірқатар заңбұзушылық анықталды. Мәселен, жұмыс берушілердің бірі 40-тан астам шетелдік азаматты ауланы тазалау жұмысына заңсыз тартқан.

Сондай-ақ шамамен 30 мигрант рұқсат құжаттарынсыз еңбек еткен қоқыс өңдеу кәсіпорны анықталды. Бұдан бөлек, жеке жағдайда тұлғасын және елде болу құқығын растайтын құжаттары жоқ адамдардың жөндеу жүргізгені белгілі болды», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Барлық жұмыс беруші мен көші-қон ережелерін бұзған шетелдік азаматтар жауапкершілікке тартылды.

Полиция көші-қон заңнамасын бұзғаны және шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жаза мен елден шығару көзделгенін еске салды.