Азия ойындары: Астаналық велошабандоз құрамамен бірге алтын медаль жеңіп алды

Бүгін, 16:26
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views55
Азия ойындары: Астаналық велошабандоз құрамамен бірге алтын медаль жеңіп алды
Фото: Астана қаласы әкімшілігі

Бахрейнде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық велошабандоздар ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жарыс жекелей уақытқа жарысу форматындағы аралас командалық эстафетада өтті. Бәсеке барысында қазақстандықтар алғашқы кезеңнен кейін үшінші орында келе жатқанымен, соңғы кезеңде жоғары қарқын көрсетіп, мәреге бірінші болып жетті.Ұлттық құраманың сапында Астана қаласының спортшысы Валерия Кузнецова өнер көрсетті.
Нәтижесінде, Иран құрамасы күміс жүлдеге қол жеткізсе, Тайбэй командасы үздік үштікті түйіндеді.