Рамазан Айнегов триатлоннан Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды

Бүгін, 10:27
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views70
Рамазан Айнегов триатлоннан Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды
Фото: olympic.kz

Триатлоннан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Рамазан Айнегов Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жарыс «суперспринт» бағдарламасы бойынша өтті.

Қазақстан намысын екі спортшы қорғады. Нәтижесінде Рамазан Айнегов екінші болып мәре сызығын кесті. Ал Артем Бедрин жетінші орын алды.

Жарыс жеңімпазы – қытайлық Ли Янсон, ал оңтүстіккореялық Ву Хён Кан үздік үштікті түйіндеді.