Астанада қазақ күресінен KELESHEK BARYSY-2025 турнирі өтті

Бүгін, 12:54
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views81
Астанада қазақ күресінен KELESHEK BARYSY-2025 турнирі өтті
Фото: Ұйымдастырушылардан

Республика күніне орай елордада қазақ күресінен мектеп оқушылары арасында KELESHEK BARYSY-2025 республикалық турнирі ұйымдастырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шара Астананың №106 орта мектебінде өтті.
Жарысқа Астана қаласынан және Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Атырау облыстарынан құрамында 100-ге жуық спортшысы бар бірнеше команда қатысты.

Додаға қатысқан жас спортшыларға 13 салмақ дәрежесіне сәйкес арнайы чемпиондық белдіктер табысталды.