Мас күйінде көлік басқарған Астана тұрғыны сотталды

Бүгін, 15:47
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views61
Мас күйінде көлік басқарған Астана тұрғыны сотталды
Фото: freepik.com

Астана қаласында бұрын 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған тұрғын қайтадан мас күйінде рульге отырып, жол-көлік оқиғасына себеп болды, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

Hyundai Starex автокөлігін басқарған жүргізуші Астана–Қарағанды трассасы мен А-105 көшесінің қиылысында рульге ие бола алмай, Lada Priora көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жәбірленушіге 700 мың теңгеден астам материалдық шығын келген.

Сот үкімі бойынша жүргізуші Қылмыстық кодекстің 346-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына көлік басқару құқығынан айырылды және 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Материалдық шығын өндірілген.

Астана қаласы прокуратурасы көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, сондай-ақ масаң күйдегі адамның көлік басқаруына жол бергендерге өмір бойына кейбір қызмет түрлерін атқаруға тыйым салынатынын және 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылғанын ескертеді.