Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді
23 қазан, 2025
Фото: istockphoto.com
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ҚР ТЖМ қарасты «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» (СБЗҰҒО) ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 23 қазанда Астана уақытымен сағат 12:20-де жер сілкінісі тіркелді.
Сейсмикалық оқиғаның ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 136 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы – 4.9.
Алдын ала мәлімет бойынша, MSK-64 шкаласы бойынша Алматы қаласында жер дүмпуі сезілмеген.
Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, сейсмикалық жағдай тұрақты және қаланың инфрақұрылымына немесе тұрғындарға қауіп төнген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
14 желтоқсан, 2025
Жезқазғанда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 80 адам эвакуацияланды
13 желтоқсан, 2025
Ақмола облысында 7 көлік соқтығысып, 1 адам көз жұмды
13 желтоқсан, 2025
Қарағандыда жолаушылар мінген автобус жүк көлігімен соқтығысты
13 желтоқсан, 2025
ІІМ жүргізушілерді боран мен көктайғақ кезінде жолға шықпауға шақырады