Қорғаныс министрлігі БҚО-да жарылған дронға қатысты пікір білдірді

Фото: Қорғаныс министрлігінен
Қорғаныс министрлігі Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысына қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелді. Оның қалдықтары елді мекендерден алшақ аймақта табылды. Зардап шеккендер мен материалдық шығын тіркелген жоқ», - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын және нысанның шығу тегін анықтауға бағытталған тексеру іс-шаралары жүргізілуде.
Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін бақылауды күшейту және әуе нысандарының мемлекеттік шекараны рұқсатсыз кесіп өтуін болдырмау мақсатында қосымша шаралар қабылдағанын мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар