«Бостандық жырының бозжорғасы»: көрнекті ақын Несіпбек Айтұлының 75 жылдығына арналған мүшайра өтеді

Бүгін, 17:03
Нұрдәулет Кәкіш Нұрдәулет Кәкіш
views52
«Бостандық жырының бозжорғасы»: көрнекті ақын Несіпбек Айтұлының 75 жылдығына арналған мүшайра өтеді
Фото: pexels.com

Астана қаласының Мәдениет басқармасы қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлының 75 жылдығына арналған «Бостандық жырының бозжорғасы» атты республикалық ақындар мүшайрасын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Бұл мүшайра – ұлттық рух пен азат ойдың, еркіндік пен елдік жырдың мерекесі! Мүшайраның басты мақсаты: өз дәуірінің өр дауысына айналған Несіпбек Айтұлының поэтикалық мұрасын дәріптеу, жас ұрпақты елдік рухта тәрбиелеу», - делінген хабарламада. 

Мүшәйра шарты:

Әр ақын екі туынды ұсынады:

Несіпбек Айтұлына арналған арнау өлең;

Еркін тақырыптағы өлең (лирика, толғау, баллада және т.б.).

Жолданған шығармалар бұған дейін еш жерде жарияланбаған, басқа әдеби байқауларға қатыспаған болуы тиіс.

Өтінім қабылдау тәртібі: Ақындар өз туындыларын astanapoets@gmail.com электронды поштасына жібереді.

Хатқа:

қысқаша өмірбаяныңызды, байланыс телефоныңызды, екі өлеңіңізді қоса жолдауыңыз қажет.

Шығармаларды қабылдау мерзімі: 1 желтоқсанға дейін.

Бәйге жүлдесі төмендегідей:

Бас жүлде – 1, жүлдесі – 3 300 000 теңге

Бірінші орын – 1, жүлдесі – 2 200 000 теңге

Екінші орын – 2, жүлдесі – 1 100 000 теңге

Үшінші орын – 3, жүлдесі – 660 000 теңге

Ынталандыру – 5, жүлдесі – 330 000 теңге

Байланыс тел: +7 747 702 9797