Еліміздің барлық өңірінде психологиялық қолдау орталықтары жұмыс атқарады

2025 жылдың 9 айлық көрсеткіші бойынша бұл орталықтар 23 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетті. Оның ішінде шамамен 14 мың бала мен 9 мыңнан астам ата-ана жеке консультациялар мен психологиялық көмек алған, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Егер сіз зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке тап болсаңыз немесе бала қауіпсіздігіне қатер төнгенін байқасаңыз, Психологиялық қолдау орталығына жүгініңіз. Мамандар балалар мен ата-аналарға кәсіби көмек көрсетіп, құпиялылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Аталған орталықтардың қызметі Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында жүзеге асырылуда.



