Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды

Бүгін, 19:33
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views52
Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы Үстел теннисі орталығын аралап көрді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Кешенді салуға облыс бюджетін оңтайландыру барысында үнемделген қаражат есебінен 2,5 миллиард теңге қаралып, құрылыс былтыр қазан айында аяқталды. Сондай-ақ «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 900 миллион теңге қаржы бөлді.

Заманауи үлгіде салынған орталықта 16 үстел теннисі орналасқан ойын алаңы, 350 көрерменге арналған орындар, жаттығу залы мен әкімшілік бөлмелер бар. Мұнда 52 қызметкер жұмыс істейді.

Бүгінде онда 280 бала үстел теннисімен тұрақты түрде шұғылданады.