Астанада тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті

Бүгін, 17:40
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views53
Астанада тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Фото: Василий Крась

Бүгін елордада қаланың коммуналдық меншігіне берілмеген проблемалық аяқталмаған бюджеттік инвестициялық жобалар мен объектілер бойынша дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оған Астана қаласы мәслихатының депутаттары, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыратын бюджет бағдарламаларының, сондай-ақ тексеру комиссиясының өкілдері қатысты.

Алғашқы болып сөз сөйлеген Тексеру комиссиясының төрағасы Иманжүсіп Акпомбаев ұзаққа созылған құрылыс нысандарының мәселелерін жүйелі және кешенді түрде шешудің маңыздылығын атап өтті. Ол бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудағы тиімсіздіктің салдарынан тек бюджетке шығын келмейтінін, сонымен қатар халықтың қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасына да зияны тиетінін айтты.

Отырыс барысында сөз сөйлеген Ревизиялық комиссия мүшесі Мақпал Әлжанованың баяндамасына сәйкес, 2024 жылғы қараша айында 2024 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының №24-41-9.67-1 тапсырмасын орындау мақсатында проблемалық бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды талдау бойынша сараптамалық-талдамалық іс-шараның қорытындылары шығарылды.

Талдау келесі төрт бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жобаларын қамтиды:

1) Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы;

2) Астана қаласының Энергетика басқармасы;

3) Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы;

4) Астана қаласының Құрылыс басқармасы.

Сараптамалық-талдамалық іс-шараның нәтижелері бойынша 83 аяқталмаған жоба мен коммуналдық меншікке берілмеген 45 нысан анықталды. Аталған жобалар бойынша тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының жалпы сомасы 192,9 млрд теңге.

Көптеген жобалар қаржыландырудың үзілістерімен, бірнеше рет түзетулер енгізумен, мерзімдердің кейінге шегерілуімен және сметалық құнының артуымен іске асырылған. Атап айтқанда, «Әлеуметтік нысандарға кіреберіс жолдарды салу жұмыстары (Сығанақ, Е32, Е15, Е36 көшелері – 2 кезең)» жобасының құны 2016 жылдан 2025 жылға дейін 3,8 млрд теңгеден 7,2 млрд теңгеге өскен, ал құрылыс жұмыстары 11 жылдан бері жалғасып келеді.

Негізгі проблемалардың қатарында келесі мәселелер аталды:

1) сот даулары мен құрылыс жұмыстарының тоқтап қалуы;

2) жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттардың болмауы;

3) жобалық құжаттаманың жоғалуы.

Биыл 10 ақпаннан бастап Астана қаласы әкімдігімен бекітілген нысандарды аяқтап, коммуналдық меншікке беру жөніндегі іс-шаралар жоспары күшіне енді. Жоспар 128 жобаны қамтиды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар келесі мәселелерге ерекше назар аударды:

1) нысандарға техникалық тексерулерді жедел жүргізу;

2) барлық қажетті құжаттарды рәсімдеуді аяқтау;

3) өзектілігін жоғалтқан нысандарды аяқтау немесе есептен шығару мәселелерін талдау;

4) бюджеттік инвестициялық жобаларды әкімшілері мен мердігер ұйымдардың міндеттемелерді уақытылы әрі сапасыз орындағаны үшін  жауапкершілігін күшейту.

Сондай-ақ отырыс барысында әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымға қатысты нысандар бойынша ең алдымен, білім беру, жылумен қамту, көлік және инженерлік инфрақұрылым нысандары бойынша шешімдер қабылдаудың маңыздылығы айтылды.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар бюджет қаражатының тиімділігін арттыру және қалалық инфрақұрылымның сапасын қамтамасыз ету мақсатында проблемалық бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды әрі қарай ынтымақтастықта жүргізуге, тұрақты мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етуге дайын екенін білдірді.