00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Ақтөбе облысында балабақша есепшілері 54 млн теңге қаржы жымқырған

25 қараша, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Ақтөбе облысында балабақша есепшілері 54 млн теңге қаржы жымқырған
фото: Оңалхан Өнерхан

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының прокуратурасы  мектепке дейінгі ұйымдарда 54 млн теңгеден астам бюджет қаржысы ұрланғанын анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Балауса», «Гүлдер», «Шапағат» және «Арай» балабақшаларының бухгалтерлері басшыларының атынан құжаттарға қол қойып, өздерінің есеп-шоттарына ақша аударған.

«Барлық көрсетілген деректерге қатысты аудан прокуратурасы бухгалтерлерге қатысты ҚК-тің 189-бабының 2 және 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерулер бастады. Оның нәтижесінде, «Шапағат» және «Арай» балабақшаларының бухгалтерлері жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам шығынды өтеп, оларға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды», - деді Ақтөбе облысының прокуратурасы.

«Балауса» және «Гүлдер» балабақшаларының бухгалтері  49 млн теңге ұрлады деп айыпталып, 7 жылға сотталды.