Меруерт Сәрсенова дзюдодан Азия ойындарын жеңіспен бастады

Бүгін, 08:53
Думан Аманжол Думан Аманжол
Меруерт Сәрсенова дзюдодан Азия ойындарын жеңіспен бастады
Фото: Сали Сабиров

Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдо бәсекелері басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Меруерт Сәрсенова 52 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Тукки Сенгдакимен (Лаос) белдесті. Нәтижесінде отандасымыз жеңіске жетті.

Меруерттің ширек финалдағы қарсыласы өзбекстандық Сита Кадамбоева болмақ.

Еске салсақ, Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.