Елімізде халықаралық автотасымалдарды жеделдету шаралары талқылады
28 қыркүйекте Мемлекеттік кірістер комитетінде халықаралық автотасымалдарды дамыту, көлік құралдарын шекара арқылы өткізу және CarGoRuqsat электрондық кезегінің жұмысы талқыланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2026 жылдың 8 айында ҚР автомобиль өткізу пункттері арқылы 1,3 млн көлік құралы өтті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,3%-ға көп. Қазақстан-Қытай учаскесінде өсім 24,5%-ды, ал Қытайдан Қазақстан арқылы өтетін автомобиль транзиті 56,1%-ды құрады.
Жаңғырту нәтижесінде қосымша бақылауды қажет етпейтін жүк көліктерінің өту уақыты 9 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартылды. Сыртқы автомобиль өткізу пункттерінің жалпы өткізу қабілеті 2022 жылмен салыстырғанда 2,6 есеге артты.
Кездесуде CarGoRuqsat жүйесінің жұмысына, слоттардың қолжетімділігіне, қозғалысты ұйымдастыруға және көлік құралдарының тұрып қалу уақытын қысқартуға назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша халықаралық автотасымалдар мен электрондық кезек жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мен Қытай автотасымалға арналған рұқсат бланкілерін шектеусіз алмасатыны туралы жаздық.