«Ойланып жүргенімізге бірнеше жыл болды»: Жазира Байырбекова бір құпияның шетін ашты
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Жазира Байырбекова бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды.
Байырбекова екі шаһарды өзара салыстырып, олардың ерекшеліктерін атап өтті. Эстарда әншісіне астананың қаһарлы қысы қатты ұнайды екен. Бірақ өнер иесі оңтүстік астананың жазы мен тауларын қимайтынын жеткізді.
Осы ретте әнші оқырмандарының пікірін тыңдап, олардың ойын білуге тырысты.
Астанаға көшейік пе, көшпейік пе» деп ойланып жүргенімізге бірнеше жыл болды. Астананың жаңа қаласы, қыс мезгілі ұнайды. Алматының жасыл жазы, таулары ұнайды. Екі қаланың қайсысын таңдар едіңіз, - деп сұрақ қойды өнер иесі оқырмандарына.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі елордаға қоныс аудару керектігін айтса, енді бірі әншінің Алматыда қала бергенін жөн санайды екен.
Ұқсас жаңалықтар
18 қараша, 2024
Әнші Жолбарыс Сейфуллин екінші әйелімен ажырасып кетті
15 қараша, 2024
Мақпал Жүнісова желіде анасына әсерлі жазба арнады
14 қараша, 2024
«Қазақ аруы-2024»: Баян Алагөзова байқау нәтижесіне байланысты пікір білдірді
14 қараша, 2024
Дариға Бадықова алғашқы фильмін кімге арнап түсіргенін айтты