00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Антикор бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапановқа қатысты тергеуді аяқтады

Антикор бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапановқа қатысты тергеуді аяқтады
Фото: freepik.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі 1 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен қолға түскен Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Агенттік Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі және мердігер ұйым басшылығына қатысты ауыр қылмыс жасағаны бойынша тергеуді аяқтады.

«Олар қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды және 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталуда.

Өткен жылдың 13 желтоқсанында Бас прокуратура күдіктілерді сотқа берді», - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.