Бурабайға жайлы әрі жүрдек туристік пойыз қатынайды

Бүгін, 14:50
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Бурабайға жайлы әрі жүрдек туристік пойыз қатынайды
Фото: ҚТЖ

Көкшетаудың көркем өлкесіне саяхаттап, таза ауа мен әсем табиғат аясында демалысты өткізу әлдеқайда жеңілдеді. Енді әйгілі курортқа Burabay Express туристік пойызы қысқа уақытта әрі жоғары жайлылықпен жеткізеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Пойыз сейсенбі және сәрсенбі күндерінен басқа күн сайын қатынайды.

Нұрлы жол – Курорт Бурабай
Жөнелту: 10:48
Келу: 13:51

Курорт Бурабай – Нұрлы жол
Жөнелту: 14:35
Келу: 17:42

Билет бағасы:
▪️ 1-сынып – 6 272 теңге
▪️ 2-сынып – 4 234 теңге
▪️ 3-сынып – 3 541 теңге