Астанада жұмысқа орналастыруды уәде еткен алаяқ ұсталды

Бүгін, 14:29
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астанада жұмысқа орналастыруды уәде еткен алаяқ ұсталды
фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласында полиция қызметкерлері жәбірленушіні алдап, заңсыз пайда тапқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

36 жастағы ер адам жәбірленушіге жұмысқа орналастыруға көмектесемін деп уәде беріп, оның сеніміне кірген.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті жәбірленушіден 800 мың теңгеден астам қаражат алып, уәдесін орындамаған. Тергеу барысында аталған қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады: жұмысқа орналастыру мәселесінде тек ресми көздерге жүгініп, бейтаныс тұлғаларға ақша бермеу қажет.

Еске салайық, бұған дейін елордада велосипед ұрлаған күдікті жедел ұсталғаны туралы жаздық.