Қазақстан Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы табысталды

Қазақстан Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы табысталды
Фото: Ақорда

ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы Мемлекет басшысының 2026 жылғы 24 маусымдағы №304 өкімімен бірқатар БАҚ қызметкері марапатталды,  деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:

1. «Time kz» желілік басылымының бас редакторы – Руслан Фанилевич Бахтигареевке;



2. «Egemen Qazaqstan» газетінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі – Байқал Қайырлыұлы Байәділге;



3. «NewTimes kz» ақпарат агенттігінің фототілшісі – Әлібек Әбдубәкірұлы Ибраевқа;

4. «Qazaqstan» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары – Қайрат Жанатұлы Мұсақұловқа берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:

1. «Baq kz» ақпарат агенттігінің аға тілшісі – Олжас Адайға;

2. «Хабар» агенттігі ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметінің редактор-сарапшысы – Ботагөз Бейсенбайқызы Айтжановаға;

3. контентмейкер, креативті индустрияны дамыту жобаларының авторы – Жазира Жомартқызы Байдалыға;



4. «Zakon kz» ақпарат агенттігінің тілшісі – Екатерина Алексеевна Елисееваға тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:

1. «Астана» телеарнасының шығармашылық ұжымына;

2. «Вечерний Алматы» газетінің шығармашылық ұжымына;

3. «Жас Алаш» газетінің шығармашылық ұжымына;

 4. «Abai kz» ақпараттық порталының шығармашылық ұжымына жарияланды.

Іс-шарада Jibek Joly телеарнасының тележүргізушісі Айгүл Мүкей, креативті индустрияны дамыту жобаларының авторы Жазира Байдалы және Almaty Aqparat медиахолдингінің бас директоры Ержан Қалымбайұлы сөз сөйледі.