Шерзат Полаттың ісі: айыпталушыларға үкім қашан шығатыны белгілі болды
3 маусым, 2025


Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша өткен сот отырысында айыпталушыларға үкім қашан шығатыны белгілі болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Сот қылмыстық іс бойынша үкім шығару үшін кеңесі бөлмесіне шығады. Үкім 2025 жылғы 5 маусымда 16:00 де жарияланады»,-деді судья Ержан Жанұзақов.
Айта кетейік, бұл іс бойынша 9 адамға қатысты айып тағылып отыр. Сот жарыссөзінде прокурор Дана Сәрсенбай оларға 1,5 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.
Ұқсас жаңалықтар