Қостанай облысында қайтарылған активтер ауылдарды сумен қамтамасыз етуге бағытталды

фото: freepik.com
Қостанай облысының прокуратурасы заңсыз жолмен иеленілген активтерді мемлекетке қайтару жұмысын жалғастырып жатыр. Осы қаражат есебінен облыста тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау және білім беру салаларында әлеуметтік жобалар іске асырылуда, деп хабарлады Elordainfo.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Қостанай облысының Фёдоров ауданына тиесілі Лесное және Берёзовка ауылдарында прокуратура органдары қайтарған активтер есебінен 24 шақырымдық су құбырының құрылысы жүргізілуде. Бұл ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтуға мүмкіндік береді.
Құрылыс жұмыстарын «Қостанайсельхозводопроводстрой» ЖШС жүзеге асыруда.
Жобаны аяқтау мерзімі 2025 жылғы қазан айына жоспарланған.
Ұқсас жаңалықтар

18 қыркүйек, 2025
2028 жылға қарай орташа жалақы 600 мың теңгеден асады

18 қыркүйек, 2025
Қазақстанда борышкерлерді енді көшедегі камералар арқылы анықтауға болады

18 қыркүйек, 2025
Көпбалалы отбасыларға қанша жәрдемақы төленеді

18 қыркүйек, 2025
Түркістан облысында тұрғындар әлеуметтік төлемді негізсіз алған