«Ертегі айтатын апайлар сияқты»: Мөлдір Мұқанова елдің сынына ұшырады

«Ертегі айтатын апайлар сияқты»: Мөлдір Мұқанова елдің сынына ұшырады
фото: instagram.com/moldir.mt

Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова тағы да желі қолданушыларының сынына ұшырады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

2,2 миллионға жуық оқырманы бар Мөлдір Мұқанова жарнама видеосын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Кейбір желі қолданушылары оның әрекетін орынсыз санап, түрлі жағымсыз пікір қалдырған.

«Радиодағы ертегі айтатын апайлар сияқты дауысың», «Бұрыннан осындай ма едің, әлде есінен адасайын деді ме ?», «Қасында «қой» деп айтатын адам жоқ па?», «Артынан өзің күлетін әрекеттер жасап жүрсің», – деп жазды оқырмандар. 

Дегенмен оның әрекетін қолдаушылар да табылды. Олар Мөлдірдің ерекшелігін, батылдығын атап өткен.

«Реклама қандай күшті», «Жарайсыз! Ешкімді тыңдамаңыз», «Өзіңе жарасып тұр»,- деп жазуда олар.

Айта кетейік, жуырда Мөлдір Мұқанова «Арамызда қалсын бәрі» атты әнімен тыңдармандарға жаңаша қырынан танылып, қоғамда қызу талқылауға себеп болған еді.

Сара Қамзаева