«Барыс» хоккей клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

Бүгін, 15:36
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
«Барыс» хоккей клубына жаңа бас бапкер тағайындалды
Фото: hcbarys.kz

Астаналық «Барыс» хоккей клубы ресейлік маман Михаил Кравецтің бас бапкер қызметіне тағайындалғанын ресми мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Михаил Кравец бапкерлік мансабын 2001 жылы бастаған. Ол бұған дейін Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) «Витязь», «Амур», «Авангард», «Куньлунь» командаларын жаттықтырған.

Ал осыған дейін бас бапкер болған қазақ маманы Ғалым Мәмбеталиевпен жасалған келісімшарт клубтың өткен маусымдағы ҚХЛ-дегі нәтижесінің көңіл көншітпеуіне байланысты бұзылыпты.

«Барыс» хоккей клубының 2025-2026 маусымына арналған бапкерлік штабы

Бас бапкер – Михаил Кравец

Бас бапкердің көмекшісі – Талғат Жайлауов

Шабуылшылар жаттықтырушысы – Александр Савченков

Қорғаушылар жаттықтырушысы – Евгений Королёв

Жалпы физикалық дайындық бапкері (ОФП) – Денис Малинин

Бейне-талдау жаттықтырушысы – Сергей Тамбулов

Сондай-ақ Талғат Жайлауовтың негізгі команда – «Барыс» штабына ауысуына байланысты, «Номад» хоккей клубына уақытша бас бапкер міндетін атқарушы болып Константин Пушкарёв тағайындалды.