«Ауғанстанға көшіп кетіңіз»: Баян Мақсатқызы мешіттегі оқиғада қызды кінәлаған Рүстем Жүгінісовті сынға алды

1 тамыз, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
«Ауғанстанға көшіп кетіңіз»: Баян Мақсатқызы мешіттегі оқиғада қызды кінәлаған Рүстем Жүгінісовті сынға алды
видеодан алынған кадр: youtube.com/DinaTolepbergen, instagram.com/zhugunussov/

Жуырда танымал әнші әрі қазіргі уақытта дін жолында жүрген Рүстем Жүгінісов Ақтөбедегі мешітте болған даулы жағдайға қатысты өз пікірін білдірді. Танымал продюсер Баян Алагөзова әншінің айтқан пікірін сынға алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қызға жыныстық қатынас туралы айтып, оны бір реттік никах деп тұр. Ең жаманы, әнші Жүгінісов қыздардан күйеусіз немесе ағасыз жалғыз жүрмеуін сұрайды. Сіз рас айтып тұрсыз ба? Мен уәкілетте органдардан кем дегенде онымен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді сұраймын. Өйткені бұл әйелдердің құқықтары мен бостандықтарын тікелей бұзу»,- деп жазды Баян Алагөзова.

Танымал продюсер Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін атап өтті.  

«Дін жолында жүрген ер адамдар бізге, әйелдерге қайда баратынымызды, кіммен жүретінімізді көрсетпеуі керек. Біз шариғат жолындағы емес,зайырлы мемлекетте тұрамыз. Сондықтан мен сізден адамдарды олай адастырмауыңызды сұраймын. Егер сізге ұнамаса, Ауғанстан, Иран немесе Ирак елдеріне көшіп кетіңіз»,- деді ол.