Қазақстанда танымал әнші Шакираның концерті өтуі мүмкін

Қазақстанда танымал әнші Шакираның концерті өтуі мүмкін
фото: instagram.com/shakira

Қазақстандық блогер Камиль Байрамов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасеновпен бірге түскен бейнежазбаны жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мәлік Хасенов Дженнифер Лопестің Астанада өткен концерті туралы айтып өтті.

«Бұл концерт әкімдік, яғни жергілікті билік, ұйымдастырушылар мен көрермендердің бірлескен еңбегінің арқасында жүзеге асты. Қазір Қазақстанда халықаралық деңгейдегі мәдени шараларға деген қызығушылық артуда. Осындай концерттерге бару — жаңа мәдениетке айналып келеді», – деді Мәлік Хасенов.

Блогер Камиль Байрамов алдағы уақытта белгілі әнші Шакираны шақыру туралы ұсыныс айтты.

«Сіздерге бір құпияны ашайын. Қазіргі таңда Шакирамен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Құдай қаласа, күзге қарай нақты шешім қабылдануы мүмкін», – деп жауап берді Мәлік Хасенов.

Айта кетейік, 1 тамыз күні Астанада әлемдік поп-музыка жұлдызы Дженнифер Лопестің концерті өткен болатын. Бұл шара елордалықтар мен қала қонақтары арасында үлкен қызығушылық тудырған еді.

 

Сара Қамзаева