Аргентина радиостанцияларында Димаш Құдайбергеннің 75-тен астам әні шырқалды


Димаш Құдайбергеннің әндері Аргентина радиостанцияларында қойылуда. Биылғы жылдың мамыр айынан бастап SOS, Stranger, Golden, Your Love, Fly Away, Ikanaide, The Story of One Sky және басқа да көптеген танымал станциялардың ротациясына әншінің 75 түрлі композициясы енгізілді, деп хабарлады Elordainfo.kz
Әншінің композициялары әлемнің әртүрлі аймақтарын қамтып, Libertad Digital (99.1 FM, Чако), Radio Vox (120.9 FM, Буэнос-Айрес), Patagonia Andina (93.3 FM, Эль-Больсон), Radio Ibiza (Санта-Фе), Cadena 3 (100.5 FM, Кордова) және басқалары сияқты радиостанцияларда тұрақты түрде беріліп жатыр.
Димаштың әндерінің радио толқынында кең орын алуы – қазақстандық өнерпаздың жанкүйерлерінің бастамасымен мамыр айында ұйымдастырылған «Dimash on the Radio» акциясының нәтижесінде өрбіді.
Smoke, Be With Me, Weekend, Give Me Your Love, Adagio(Лара Фабианмен дуэті) және басқа тректері радио жүргізушілер мен тыңдармандардың ерекше назарын аударды.