Президент кубогы: Астанада теннистен ITF турнирі өтіп жатыр
Фото: ktf.kz
Астанада Beeline Arena ұлттық теннис орталығының корттарында Қазақстандағы басты теннис оқиғаларының бірі – Президент кубогы жалғасуда, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осы аптада ITF World Tennis Tour сериясы аясында ерлер арасында M15 және әйелдер арасында W15 турнирі өтеді.
Қазақстан намысын Әмір Омарханов, Заңғар Нұрланұлы, Григорий Ломакин, Аружан Сағындықова, Іңкәр Дүйсебай, Асылжан Арыстанбекова және басқа теннисшілер қорғайды. Олар үшін бұл турнир – өздерін халықаралық аренада көрсетіп, рейтингілік ұпай үшін күресудің тамаша мүмкіндігі.
Айта кетейік, жарыс 16 тамызға дейін жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар
1 қараша, 2025
Футболдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» пен «Семей» бүгін үшінші ойындарын өткізеді
31 қазан, 2025
Жасөспірімдер Азиадасында Қазақстан құрамасы қай орынды иеленді
31 қазан, 2025
Елордалық дзюдошы Азиаданың күміс жүлдегері атанды
31 қазан, 2025
ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Трактор» командасымен кездеседі
