Астанада тұңғыш рет оқушыға «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді

Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Астанада алғаш рет мектеп оқушысына «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Бұл атақ Астана қаласындағы №70 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Аңсат Алдияр берілді. Бұл – елімізде мектеп оқушысына тұңғыш рет беріліп отырған мәртебелі марапат.
Жас шахматшы Алдияр Қазақстан спортының мақтанышы. Ол әлемдік деңгейдегі түрлі беделді додаларда қарсыластарын шаң қаптырып, талай рет жеңімпаз атанды.
«Талантты оқушы – әлем чемпионаттары мен халықаралық турнирлерде топ жарып, еліміздің атын танытып, көк туымызды биікте желбіреткен жас әлем чемпионы», – делінген әкімдік хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 16:29
Қазақстан дінаралық және мәдениетаралық диалогты толық қолдайды

Бүгін, 15:43
Астанада азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмысы қалай жүріп жатыр

Бүгін, 15:07
Астанада Бейбітшілік пен келісім саябағы ашылды

Бүгін, 13:04
Астанада өтетін жәрмеңкеге екі облыстың тауар өндірушілері 400 тонна өнім әкеледі