Қазақстандық оқушылар Халықаралық олимпиадада тарихи нәтижеге қол жеткізді


Оқушылар арасындағы ең беделді әлемдік пәндік олимпиадалар – IChO, IMO, IPhO, IBO, IGeO, IOL, IOI жалғасуда. Бүгін Таиландта география пәнінен IGeO–2025 халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, үш кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы ел тарихындағы үздік нәтижеге қол жеткізіп, екі алтын, екі күміске ие болды.
Олар:
Алтын – Талғат Байбусынов, Қарағанды облысындағы НЗМ, 12-сынып;
Алтын – Андрей Енбахтов, Қостанай облысындағы НЗМ, 10-сынып;
Күміс – Болат Ақжол, Жетісу облысындағы НЗМ, 12-сынып;
Күміс – Әлихан Қалмағамбетов, Ақтөбе облысындағы НЗМ, 12-сынып.
Команда жетекшілері: Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың 2-курс студенті Рустам Валеев және халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпазы Абай Дүйсен.
Айта кетейік, Қазақстан IGeO олимпиадасына 2012 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт аралығында қазақстандық оқушылар 5 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль жеңіп алған.



