Астанада Қайрат Нұртастың концертіне арнайы шаттл-маршруттар қатынайды

Бүгін, 08:06
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астанада Қайрат Нұртастың концертіне арнайы шаттл-маршруттар қатынайды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

«Астана Арена» стадионында 27 қыркүйек күні сағат 19:00-де танымал әнші Қайрат Нұртастың концерті өтеді. Көрерменге қолайлы жағдай жасау және көлік кептелісін азайту үшін бұл күні арнайы шаттл-маршруттар қатынайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Арнайы автобустар сағат 16:00-ден бастап жүреді. Олар жолаушыларды қаланың төрт жерінен «Астана Арена» стадионына жеткізіп, концерт аяқталғаннан кейін кері бағытта да тасымалдайды.

Арнайы көліктердің жүру бағыттары:

- Астана циркінің автотұрағы;
- «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы;
- Қажымұқан көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешенінің автотұрағы;
- «Нұр-Сұлтан» мешітінің (Бас мешіт) автотұрағы.

Шаттл-автобустар екі бағытта да — концерт басталғанға дейін және іс-шара аяқталғаннан кейін қатынайды.
Қосымша шаттл-маршруттардың іске қосылуы стадион маңындағы көлік кептелісін азайтып, көрерменнің концертке барып-қайтуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ концерт өтетін орынға «Тарлан Астана» жеңіл рельсті көлігі арқылы жетуге болады.