Жеңіс Қасымбек: «Енді автотұрақсыз бірде-бір тұрғын үй салынбайды»
25 маусым, 2025
Фото: Instagram/Jenis_Qasymbek
Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Qazaqstan арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Былтыр Астана қаласында 4 млн 500 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлерде міндетті түрде астында автотұрақ болуы керек. Жиырма, он бес, он жыл бұрын салынған үйлердің, әсіресе, әлеуметтік осал топтар тұратын үйлердің астында паркингтер болған жоқ. Сондықтан бұл мәселені шешетін жолдар бар. Сол үйлердің қасында келесі жылдан бастап, қазір жобалап отырмыз, қала бойынша көпқабатты автотұрақтар салынатын болады. Жаңа үйлерде міндетті түрде паркингтер болуы қажет. Паркингсіз енді бірде-бір үй салынбайды», - деді Жеңіс Қасымбек.
Ұқсас жаңалықтар
5 тамыз, 2026
Елордада Дүниежүзілік емізуді қолдау апталығына арналған кездесу өтті
5 тамыз, 2026
Астанада ауқымды республикалық «Кітап оқитын ұлт» жобасы бастау алды
5 тамыз, 2026
Президент ҚР Ұлттық архиві ұжымын 20 жылдық мерейтоймен құттықтады
5 тамыз, 2026
Comic Con Astana фестивалінде әлемге танымал косплей шеберлері үздіктерді таңдайды