Жаңаөзенде прокурорлар 145 медициналық қызметкердің құқықтарын қорғады
3 желтоқсан, 2025
freepik.com
Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Жаңаөзен қаласы прокуратурасымен талдау жүргізу барысында Neiron-Med медициналық ұйымының 2025 жылғы шілде-тамыз айлары аралығында барлық міндетті төлемдер бойынша, соның ішінде әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары бойынша 23 млн теңге мөлшерінде берешегі бар екені анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде қарыз толық өтеліп, 145 медициналық қызметкердің еңбек құқықтары қалпына келтірілді», - делінген хабарламада.
Құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін медициналық ұйымның директоры ҚР ӘҚБтК-ның 92-1-бабы 1-бөлігі 2-тармағы, 279-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, ескерту жарияланды және әкімшілік айыппұл салынды.
Ұқсас жаңалықтар
14 наурыз, 2026
Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісі 40 пайызға жетті
13 наурыз, 2026
БҰҰ-ның Даму бағдарламасы арқылы еліміздің медицина саласына арнайы 30 автокөлік сатып алынды
13 наурыз, 2026
Елімізде медициналық көмек сапасын басқарудың жаңа моделі енгізіледі
12 наурыз, 2026
Елордадағы емханада жаңа Конституция жобасы талқыланды