Нұрқанат Әжіқанов каратеден Қазақстан қоржынына қола медаль салды
Нұрқанат Әжіқанов Айти-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Каратэ WKF бойынша кумитэ бәсекесінде 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін өткен белдесуде Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Филиппин спортшысы А.Батиканды 10:1 есебімен сенімді жеңіп, қола медаль иеленді.
Бұл – Қазақстан құрамасының қазіргі Азия ойындарындағы каратэден екінші қола және жалпы бесінші жүлдесі.
Осылайша, қазақстандық каратэшілердің еншісінде қазір бес медаль бар: екі алтын, бір күміс және екі қола.
Каратэ Қазақстан ұлттық құрамасының XX жазғы Азия ойындарындағы жүлде қорын толықтыруды жалғастыруда.
Еске сала кетейік, бұған дейін Бэлла Самашева каратэден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.