Президент Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды

22 қыркүйек, 2026
Ернұр Сағымбек Ернұр Сағымбек
Президент Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес:

1. Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы 2026 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында шақырылсын.

2. Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы бірінші сессияны өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

Қазақстан Республикасының Президенті                                                   Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 22 қыркүйек

                         № 331

Айта кетейік, осыған дейін Президенттің Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кіргенін хабарлаған едік.