Марат Мұстафин: Ардагерлер экологиялық мәдениеті жоғары ел болуға өз үлестерін қосады

22 қыркүйек, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Марат Мұстафин: Ардагерлер экологиялық мәдениеті жоғары ел болуға өз үлестерін қосады
Фото: Марат Мұстафиннің жеке архивінен

 «Таза Қазақстан» – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаны аялауға арналған жалпыұлттық экологиялық акция.Ел болып қолға алынған бұл жобаның қоғамдық әрі тарихи мәні айрықша. Біз экологиялық мәдениеті жоғары ел болуға атсалысып, осы бағыттағы жұмыстарға белсенді кірісіп жатырмыз. Қоғам қайреткері, Алматы ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Мұстафин «Таза Қазақстан» бастамасының маңызы туралы осылай деп пікір білдірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Таза Қазақстан» экоакциясының нәтижесін бүкіл Қазақстаннан, оның ішінде елордамыз – Астанадан да көріп отырмыз. Жастар, ардагерлер, кәсіпкерлер, өзге де тұрғындар – бәрі белсенділік танытып, ортақ іске өз үлестерін қосуда.

Мемлекет басшысы елордада соңғы кезде атқарылып жатқан жұмыстарға, әсіресе тазалық мәселесіне жақсы баға берді.

Жақында осындай ауқымды бастамаға Алматы ауданы Ардагерлер кеңесінің белсенді мүшелері де қатысып, қаланың тазалығына, көркеюіне үлес қосты. Жастары 70-80-нен асқан ардагерлердің жастармен бірге осындай өнегелі іске қатысуы – үлкен үлгі.

Біз Президенттің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жобасы бір күндік акция емес, күн сайын, ай сайын, жыл сайын атқарылатын тұрақты әрі маңызды шараға айналып келе жатқанына куә болып отырмыз. Қаламызда атқарылып жатқан жұмыстардан бұл анық көрінеді.Бүгінде Астанада Еуропада жүргендей әсер қалдыратын демалыс орындары мен саябақтар пайда болып жатыр. Мұның бәрі – қаланың тазалығы мен көркеюі үшін жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесі», - деп пікір білдірді қоғам қайраткері.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысушылар алдында сөз сөйлеген болатын.