Астана маңындағы Қызылсуат ауылы толық газдандырылды

22 қыркүйек, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астана маңындағы Қызылсуат ауылы толық газдандырылды
Фото: Энергетика министрлігі

Ақмола облысының Қызылсуат ауылында газдандыру жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде 730 абонентке табиғи газға қосылуға мүмкіндік берілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ мәліметінше, жоба аясында 67,3 шақырым газ құбыры тартылып, 1 газ реттеу пункті және 8 шкафтық газ реттеу пункті орнатылды. Құрылған инфрақұрылым тұрғын үйлерді газбен жабдықтау жүйесіне кезең-кезеңімен қосуға мүмкіндік береді.

«Жалпы, биыл еліміз бойынша газдандырудың 40 жобасы іске асуда, оның ішінде 7 жоба өткен жылдан ауысқан. Жобаларды іске асыру нәтижесінде тағы 37 мыңға жуық адам табиғи газға қол жеткізеді», - делінген хабарламада.

Халықты газбен қамту аясын кеңейту жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жалғасуда. 2035 жылға қарай еліміздегі газдандыру деңгейін 80%-ға жеткізу жоспарлануда.

Еске салсақ, Қазақстанда мұнай-газ өндірісінің артуына байланысты отандық сервистік компанияларға қойылатын талап күшеймек.