Жалпыұлттық аза тұту күні

Астанадағы тұрғын үй қасбетінде жаңа мурал салынды

22 қыркүйек, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанадағы тұрғын үй қасбетінде жаңа мурал салынды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астананың «Алматы» ауданында Абылай хан даңғылы, 55-мекенжайда орналасқан тұрғын үйдің қасбетін жаңа мурал безендірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Муралды салу жұмысы толық аяқталды. Онда алма бағында тұрған қыз бейнеленген.

Қанық түстер мен жұмсақ сызықтар үй айналасындағы жасыл желекпен үйлесіп, жайлы көрініс қалыптастырған.

Жарқын арт-кеңістік қалалық ортаның жаңа элементіне айналып, көшенің қалыптасқан келбетін өзгертіп, ауданға заманауи визуалды реңк қосты.

Еске сала кетейік, Астанада жерасты өткелдеріне жазу жазған жасөспірімдер анықталды.